Адам өміріне қауіпті пиротехника өнімдерінен сақ болыңыз! Төтенше жағдайлар қызметі қатаң ескертеді. Жыл сайын ел аумағында «Пиротехника» алдын алу іс-шаралары жүргізілсе де, сертификатталмаған сапасыз өнімдер азаймай тұр. Әдеттегідей жаңа жыл қарсаныңда базарларда, дүкен сөрелерінде қытайдың жалт-жұлт еткен атылғыш заттары биыл да қаптап тұр. Түрлі -түсті орамасы көз тартады. Ал, мамандар, оны сатып алушылар қалай қолдану керектігіне бас ауыртпайды, сосын оқыс оқиға орын алу мүмкін дейді. Әбіш БІРЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД АЛМАТЫ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ: Жаңа жыл қарсаныңда өрттердің көптеп тіркелу байқалуда. Оған әкелетін бірден бірі птротехникалық заттарды қолдану кезінде қауіпсіздік сақтамау. Көбінесе адамдар пиротехника өнімдерің қолданған кезде адамдармен ойнап байқалады және автотұрақтардың маңайында қолданады. Және қауіпсіз ережесін сақтамауда. Астанада бірер күн бұрын 5-сынып оқушысы мектеп фойесінде петарда жарған. Тексеру нәтижесінде мектеп жанындағы дүңгіршектен 10 қорап сертификатталмаған пиротехникалық бұйым анықталды, сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген.Ал бала құдай сақтап, аман қалды. Дәрігерлердің айтуынша, жылына 500-600 адам жарақат алатын көрінеді. Пиротехниканы дұрыс қолданбағандықтың соңы кейде өлімге де әкеледі дейді. Нұрдәулет КӨБЕЙСІН, АСТАНА қ. ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ: 40-50 адам көз жұмып жатады. Пиротехника ең жаман жерлері ол жарақат береді. Ол ең бірінші көзден айырып тастайды. Одан кейін қол жарақаттары өте көп тіркеледі. Және де аз мөлшерде 20-30% дене жарақаттары болып жатады. Айта кететін жайт пиротехника үлкен және кіші болып бөлінеді. Үлкен снариядтар денеге тисе ойып жіберу мүмкін. Ойып жібергеннің кесірінен қан көп жоғалтып, скорый келемін дегенше адам өмірден өтуі де мүмкін. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Пиротехникалық бұйымдарды сатып алу кезінде орамаға назар аударған жөн. Себебі онда ылғал немесе тесілген жерлер болуы мүмкін. Сондықтан оны рұқсат қағазы бар сатушылардан ғана алған дұрыс. Бұл өнімнің сапасына кепілдік береді. Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, АСТАНА қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Іс-шара басталғалы күнделікті базарлармен дүкендерге 44 рейдтік шара жүргізілді. Нәтижесінде 20 заңсыз сатудың фактісі анықталып. 1494 бірлік пиротехникалық бұйымдар тәркіленді. Кінәлі деп танылған тұлғалар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандар пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату деректерінің алдын алу, кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі және пиротехникалық өнімдерге қойылатын талаптары туралы үнпарақтар таратуда. Сондай-ақ өрт немесе оқыс оқиға орын алған сәтте арнайы мамандарға хабар беру керектігі туралы түсіндірілді. Д. Онласын