Астанада робототехникадан Орталық Азия чемпионаты өтіп жатыр

Робототехникадан Орталық Азия ойындары 24-26 ақпан аралығында елордалық Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді.Чемпионат үш жас санатында өтеді: 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған First LEGO League Explore, 10-16 жас аралығындағы FIRST Lego League Challenge және 12-18 жас аралығындағы FIRST Tech Challenge. Жеңімпаздар халықаралық кезеңде Американың Хьюстон қаласына ел намысын қорғауға аттанады. Биылғы маусым энергияның өзекті тақырыбына арналған. FIRST жарыстарының бірегейлігі роботтарды бағдарламалау мен құрастырудан бөлек балалар инновациялық жобасымен жұмыс істеп, өз қауымдастығының өзекті мәселелеріне инженерлік шешімдер жасауда, – деп атап өтті Ustem Robotics қорының басшысы Асылбек Мырзахметов. Ойын ұйымдастырушыларының айтуынша, өткен жылдың соңынан бастап әр команда #FIRSTKZ2023 хэштегімен әлеуметтік желілерде көптеген тапсырмаларды орындады, соның ішінде балалар әртүрлі энергетикалық станциялардан нақты репортаждармен жұмыс істеді, сарапшылардан сұхбат алды, оқу орындарында презентациялар мен шеберлік сыныптарын өткізді. Оқушылар жарысқа дайындық аясында жоғары оқу орындарының студенттерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Жыл сайын робототехникамен айналысатын балалардың саны артып келеді. Осы бағыттағы барлық тараптардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде 2022 жылдың қазан айында Қазақстан оқушылары Женевадағы робототехника бойынша first GLOBAL CHALLENGE Бүкіләлемдік жарыстарында жеңіске жетті. Кейінірек қазақстандық оқушылар алғаш рет Дортмундтағы робототехника бойынша халықаралық олимпиадада екінші орынға ие болды. FIRST Robotics Дүниежүзілік қозғалысының іріктеу матчтары Астана, Алматы, Шымкент және Орал қалаларында өтті. Оларға 2 мыңнан астам оқушы қатысты. Соңғы 3 жылда Қазақстанда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды. Екі мыңнан астам мұғалім робототехника курстарынан өтті. Орталық Азия чемпионаты үш күнге созылады. Ойындардың ресми жабылуы 26 ақпанда өтеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мәслихат депутаттары Алматының жаңа Қала құрылысы регламентін бекітті
Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ақтаудағы ұшақ апаты: желіде видеолар тарады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды
Ұшақ апаты: Төтенше жағдайлар министрі Ақтауда жүр
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Астаналықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр
Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды
Ақтауға ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов барды
Еңбек министрлігінің шенеунігі пара алғаны үшін сотты болып жатыр
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты