Астанада рұқсат етілмеген суға түскен екі адам менингитке шалдыққан

Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова субұрқақтар мен белгісіз жерлерде неге шомылуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.Сархат Бейсенова Астанада суға түсу маусымы басталғалы белгісіз жерлерде шомылғаннан кейін серозды менингит жұқтырған екі жағдай анықталғанын айтты. Оның айтуынша, субұрқақтар мен суға түсуге арналмаған орындарда шомылу кезінде адам энтеровирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін. "Жылы кезеңнің басталуымен энтеровирусты инфекциямен сырқаттанушылық өсті. Былтырғымен салыстырғанда аурушаңдық 19% артып, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 2022 жылғы 43,1-ге қарсы 53,2 болды. Бұл инфекцияға 4 жасқа дейінгі балалар көбірек бейім", - деді Сархат Бейсенова. Кейін Астананың бас санитар дәрігері энтеровирустың жылы судың бетінде көбейетінін қосты. "Жаз мезгілінде тек рұқсат етілген орындар мен бассейндерде суға шомылуға болатынын, басқа ешбір жағдайда субұрқақтарға түсуге болмайтынын түсіндіреміз. Бірқатар вирустық инфекциялар, әсіресе энтеровирустар ашық су айдындары мен субұрқақтарда тез көбейе бастайды. Белгіленбеген жерлерде шомылу кезінде бұл вирусты жұқтыру қаупі жоғары. Сонымен қатар басқа да вирустық инфекциялар, атит А сияқты инфекцияларды жұқтыру қаупі бар", - деп ескертті Сархат Бейсенова. Астананың бас санитар дәрігері қала тұрғындарына субұрқақтарға шомылмауға және ешбір жағдайда ол жерден су ішпеуге кеңес берді. Оның айтуынша, жүзу үшін тек рұқсат етілген су қоймалары мен бассейндерді пайдалану керек. Бұған дейін Сархат Бейсенова қарбыз мен қауынды қайдан сатып алуға болмайтынын да айтқан еді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Той үстінде төбелескен екі даяшы ұятқа қалды (ВИДЕО)
Титан батискафында қайтыс болған миллиардердің әйелі мұрасыз қалды
«Реалды» ірі есеппен ұтқан «Барселона» Испания суперкубогын жеңіп алды
Биіктегі батылдық: Яан Роозе тағы таңғалдырды
Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Титан батискафында қайтыс болған миллиардердің әйелі мұрасыз қалды
Жұмыс жасау, жұмыс істеу: қай нұсқа дұрыс?
Бірнеше қалада ауа ластанады
Жауын-шашын, көктайғақ: 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қызылордада коммуналдық қызметкерлер еріген қар суын шелекпен тасып жүр (ВИДЕО)
Эстонияда қарлы боран салдарынан 17 мың үй жарықсыз қалды
Той үстінде төбелескен екі даяшы ұятқа қалды (ВИДЕО)
Тюбингпен сырғанау: әрбір адам білуі керек қауіпсіздік ережелері
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Алматының индустриалды аймағында былтыр 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына соқтығысып, кішкентай баланы қағып кетті
Мүшел жас несімен қауіпті? Этнограф мүшел ұғымы жайлы көп білмейтін құпияны ашты
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
Испания Суперкубогы финалында “Барса“ “Реалды“ ойсырата ұтты
Францияда екі пойыз соғылып, 20 адам зардап шекті
Хабиб Нурмагомедов стюардессамен сөзге келіп қалған соң рейстен қуылды (ВИДЕО)
«Қайрат қызғанбай ма екен?». Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы көпшілікті ойландырып қойды
Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)