Астанада салынып жатқан «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешенінің құрылысы бітер емес

Астанада салынып жатқан «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешенінің құрылысы бітер емес. Үлескерлердің тағы бір жыл күтуіне тура келетін секілді. Ал олардың басым бөлігі жалғыз баспанасын сатып, 2 жылдан бері пәтер жағалап жүр. Қордай 89 көшесіндегі 373 пәтерлі премиум санаттағы апартамент келісім бойынша 2022 жылдың желтоқсан айында тұрғындарға берілуі тиіс болған. Алайда құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқталар емес. Гүлбақыт ДАВЛЕТЬЯРОВА, ҮЛЕСКЕР:Құрылыс компаниясы құрылыс мерзімін 2024 жылға дейін созды. Сонымен қатар осы жылдың 29 ақпанына дейін қаржыландыру сұрақтары бойынша жауап беруі тиіс болған. Бүгінгі таңда жауапты компанияның ақшасы жоқ. 2022 жылдың мамырынан бастап нақты құрылыс жұмыстары жүргізілмеді, жүргізілсе де баяу қарқынмен. Кіріктірілген үй-жайлары және автотұрағы бар көппәтерлі бұл үйден жаңа баспана алу үшін тұрғындар өздерінің пәтерлерін сатқан. Енді қазір жалдамалы пәтерлерде күнелтіп жүрміз дейді. Нұрлан КӨПЕНОВ, ҮЛЕСКЕР:Құрылыс салушы үнемі алдайды, қоңырауларымызға жауап бермейді, ақпарат бойынша пәтерлердің 90 пайызы сатылған. Ақша қозғалысы туралы есеп жоқ. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мердігер компания өкілдерімен кездесулер өткізген. Қаражат іздестіру бойынша ұсыныстар берілген. АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ:Тапсырыс беруші «BBS Gold» болып табылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасы бар. Жоғарыда аталған объект бойынша «Мемсараптама» РМК берген оң сараптамалық қорытындысы бар. Бүгінде тиісті қаржының жоқтығынан құрылыс-монтаж жұмыстары баяу жүргізілуде. Мердігерге құрылыс қарқынын арттыру міндеттелген. Биыл жыл соңына дейін үйді тапсыруы керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ақтөбе облысының жаңа прокуроры тағайындалды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды
Тарихи жүлде! Дінмұхаммед Райымқұл Алматыда әлем чемпионы атанды
Данияр Қасқарауов Алматы облысындағы спорт саласының дамуына оң баға берді
Астанадан бір түнде 3600 астам жүк көлігімен қар шығарылды