Астанада Сарыарқа даңғылындағы көлік қозғалысы жартылай жабылады. Осыған байланысты елордалық көлік жүргізушілеріне осы даңғылдың бойындағы әдеттегі бағытын өзгертуге тура келеді. Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылының Тұлпар көпірінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты, биыл 20-30 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.