Астанада шақыртуға барып, зәбір көрген жедел жәрдем қызметкері оқиғаның мән-жайымен бөлісті

Адамдарды құтқару үшін көмекке келген жедел жәрдем қызметкерлерінің өздеріне көмек қажет. Астанада ішімдікке сылқия тойған қала тұрғыны фельдшерге пышақпен шабуыл жасап, жұдырық ала жүгірген. Оқыс жағдай жайында зәбір көрген медицина қызметкерімен тілшіміз тілдесті. Түрін жасыруды өтінген фельдшер отбасылық жанжалдан зардап шеккен әйелден шақырту түскен соң, әдеттегідей бірден оқиға орнына аттанған. Алайда аталған мекенжайға жеткен кезде күтпеген жағдайға тап болды. Жедел жәрдем шақырған әйелдің күйеуі масаң күйде медицина қызметкерлерін әуелі балағаттап, кейін пышақ алып қорқытқан. Тіпті, бөлмеге қамап қойыпты. Медицина қызметкерлері дереу полиция шақырып, әрең құтылған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.Науқас менің ішіме пышақ тақады. Менің көмекшім сыртта қалып қойды, ішке кіре алмай қалды. Ол кісі пышақпен угроза жасап тұрып, есікті жабуымды сұрады. Бір кезде пышақпен жүгіріп келе жатты, сол кезде қолынан ұстадым. Екеуіміз алысып кеттік сол кезде. Пышақ в какой-то момент жерге түсіп кетті. Мен оны келесі бөлмеге лақтырып жібердім, чтобы зиян келмес үшін. Фельдшерлерге шабуыл жасаған 25 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды. Марат ӨМІРБАЕВ, АЛМАТЫ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:Елорда тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Астана қаласының әкімшілік сотының шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, Астана қаласы ПД арнайы қабылдап тарату орнына қамалды. Денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарын ақ халаттылардың еңбегін құрметтеп, оларға қарсы озбырлық әрекет жасамауға шақырды. Қазіргі таңда жедел жәрдем қызметкерлерінің өзімен бірге қорғаныс құралдар алып жүруі Заңда қарастырылмаған.Бота СӘДЕТХАН, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МЕДИЦИНА ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:Біз шақыртуға барар кезде тек қана сол шақыртуға ғана қатысты қосымша ақпарат беріледі. Жарақат алды деп қана беріледі. Нақты қауіп-қатерді 103 линиясында бағалау мүмкін емес. Содан көзсіз біз сол жерге оқиға орнына барамыз көмек көрсетуге. Айта кету керек, биылдың өзінде Астанада шақыртуға барған жедел жәрдем қызметкерлеріне қауіп төнген тоғыз жағдай тіркелген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Жүргізушілерге он өңірде ескерту жасалды
Қазақстандық Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу қайтадан жүргізілуі мүмкін
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Елімізде қар жауып, аяз түседі