Былтыр әлемде 183 қақтығыс болды. Халықаралық жанжал 30 процентке артты. Енді осы мәселемен күресу үшін бірігіп әрекет ету керек. Бұл туралы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесінде айтылды. Астанада өткен іс-шараға Иран, Қытай, Қырғызстан мен Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан, Үндістанның Қорғаныс министрлері қатысты. Жиынға ұйымның Бас хатшысы мен Атқарушы комитеттің директоры да шақырылған. Сәуірдің басында ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің хатшыларымен кездескен еді. Онда көтерілген негізгі мәселелер бүгінгі жиында кеңінен талқыланды. Сондай-ақ қорғанысқа жауапты әр елдің басшылары ағаш екті. Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ: Біз маңызды мәселелерді талқыладық. Әлемде орын алып жатқан оқиғаларға тоқталып, жаһандық күн тәртібінде тұрған өзекті пробелармен қалай күресу керек деген сұраққа жауап іздедік. Қауіпсіздікке басымдық бердік. Алдағы іс-әрекеттерді нақтылап алдық.