Астанада Maqsut Narikbayev University бірінші курс шәкірттерін студент қатарына қабылдау кеші өтті.Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен шарада Асхат Аймағамбетов, Айдарбек Қожаназаров, Ләйлә Сұлтанқызы, Елнұр Бейсембаев және тағы басқа елге танымал тұлғалар қонақ болды. Бұл рәсім 1994 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді. Аталған шара университетке жаңа студенттерді қабылдаудың маңызын көрсетеді.Биылғы салтанатты шара университеттің келер жылы тойланатын 30 жылдығына орайластырып, «30 жыл — бұл тек бастама» деген атаумен өткізілді. Сондай-ақ кеш бағдарламасы аясында Қазақстанның ең үлкен туының ашылу рәсімі өтті. Жібектен тоқылған тудың ауданы — 80 шаршы метр, салмағы 60 келіге жуық. Аталған шараның хедлайнері — эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Дастан Оразбеков көрермен алдында өнер көрсетті. Бұл ауқымды шараға бес мыңнан астам адам қатысты.Шара барысында университеттің жоғары мектептері әлеуметтік жоба мен театрлық қойылым бойынша өзара сайысқа түсті. Әділ қазы алқасының құрамында Арай Әлімхан, Әсел Ақпар, Amre, Дина Тәженова, Дина Сансызбаева сынды танымал тұлғалар болды.