Астанада су қысымы төмендейді. Себебі, қалада тіршілік нәрі тапшы. Осыған орай "Астана су арнасы" түнгі уақытта шектеу енгізбек .Талғат БЕКМАҒАНБЕТОВ, СОРҒЫ-СҮЗГІ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Халыққа таза су беру үшін түнгі 12:00-ден кейін су қысымын азайтып, 20 мың кубтық 4 резервуарға сақтаймыз. Себебі, ертеңіне 80 мың куб су тұрғындарға берілуі керек. Біз демалыс күндері 330 мың куб ауыз суды таратамыз. Ал, қажетті мөлшер 350 мың куб. Қазірдің өзінде 20 мың куб жеткіліксіз болып тұр. Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылғанға дейін жүргізіледі. Оның құрылысы 2021 жылы басталған. Биыл жазда пайдалануға берілуі тиіс. Жанна ДОСЖАНОВА, ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-ТЕХНОЛОГ: Суды тазарту жалпы 3 кезеңнен тұрады. Залалсыздандыру, мөлдірлендіру, суды сүзгіден өткізу. Осы үш кезеңнің өзі 5-7 сағат уақыт алады. Тазартудан өткен су 4 резервуарға түседі. Бұл резервуарларларға бір жағынан су кеп құйылып жатса, екінші жағынан насостар арқылы үйлерге жіберіледі. Қазір 305 мың куб суды қалаға жіберіп жатырмыз. Су тапшылығы қатты байқалып жатыр. С. Оралбеков