Бұл туралы қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.Астанадағы Жарсуат тұйық көшесінің Фахд бен Абдулл Азиз көшесінен М. Жалил көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі.Ресми ақпаратқа сәйкес, көлік қозғалысы 16-26 мамыр аралығында толығымен жабылады. "Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында жол бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген әкімдік хабарламасында.