Астанада тамыз кеңесінің пленарлық отырысында "Жайлы мектеп" жобасы талқыланды

Қазір Астанада 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 11-і жаңа оқу жылында ашылады. Сондай-ақ, бас қалада үш жыл ішінде 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланған. Бесеуінің құрылысы осы күзде басталады. Бұл туралы Астанада «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» атаумен өткен Тамыз кеңесінде айтылды. «Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру» бағыты бойынша пленарлық отырысқа 11 мыңға жуық мұғалім қатысты. Олар білім беру саласындағы басты үрдістер мен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысын талқылады. Елордада мектеп тапшылығы мәселесін шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазір 16 600 орынға арналған 11 мектеп салынып жатыр. Мұнымен қатар "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында тағы 24 білім ошағы ашылады деп көзделген. Олардың құрылысы 2 жылдың ішінде аяқталуы тиіс. Қасымхан СЕНҒАЗЫЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қалада 26 мың оқушыға орын жетпейді. 8 мектеп 3 ауысымда оқиды. 18 мектепте оқушылар шамадан тыс білім алады. Сол үшін «Жайлы мектеп» жобасы арқылы жаңа нысандарды салатын боламыз. Қазақстан бойынша "Жайлы мектеп" жобасы аясында алдағы екі жылдың ішінде тағы 740 мың білім алушыға арналған 369 нысан салу көзделген. Бұл білім ошақтары ауыл, қала деп бөлмей бірыңғай стандартпен салынады. Бастауыш және 5-11 сынып оқушылары оқитын ғимараттар бөлек-бөлек блоктан тұрады. Спорт залдар да дәл осындай шартпен орналасады. Еділ ОСПАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Соңғы 10 жылдың ішінде оқушылар саны 1 миллионға өсіп, биылғы жылы 3,9 миллионға жетті. Егер 2020 жылдан бері тиісті шара қабылдамағанда 2027 жылға қарай оқушы орнына тапшылық 1,2 миллионға жуықтайтын болады. Бұл мәселені жүйелі шешу үшін 2020 жылдан бастап мектеп құрылысына ерекше назар аударылып келеді. Қазір Астанада 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 11-і жаңа оқу жылының соңына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, бас қалада үш жыл ішінде 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланған, оның бесеуі алдағы екі жылда салынады. Жабыра ШАБДЕН, МҰҒАЛІМ: Республикалық тамыз кеңесінен өзіме алғаным өте көп. Ол кешеден бері жалғасып жатыр. Яғни біз тамыз конференциясында жайлы мектептердің қалай болатындығын, басшылардың қалай сайланатындығын және үлгерімі төмен оқушылармен қалай жұмыс жасау керегін, тек қана балаларға ғана жайлы емес, мұғалімдерге де жайлы орта құрудың жобаларын түсіндіріп өтті. Дәстүрлі түрде өтетін Тамыз кеңесінде мұғалімдер өткен жылды қорытындылап, жаңа оқу жылына деген дайындықты пысықтады. Биыл бұл іс-шара ерекшелікке толы болды - дейді қатысушылар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы әкімі қоғамдық автобус жүргізушісіне қамқорлығы үшін алғыс білдірді
Тоқаев энергетика саласының басшыларымен кездесті
Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Адам өміріне ара түскен дәрігерлер
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Алматыда шоқындыру рәсімі күні суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді
Пәтер бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
Елорда колледждерінде «Жас еңбекшілер» жобасы іске қосылды
Депутат: 2 мың баламен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтің айлығы - 118 мың теңге
«Технологиялық хайп»: депутат көлікті 5 минуттан артық қыздыру нормасына қатысты пікір білдірді
15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жел күшейіп, тұман түсіп, қар жауады
Нартай Аралбайұлы еден жуушы, вахтер, аспаздың жалақысын көтеруді ұсынды
Түркістан облысында полиция жол бойында жолаушыдан 2 келі есірткі тәркіледі
Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады – ауа райы болжамы
Президент Оңтүстік Корея екінші әрекетте тұтқындалды