Астанада «Таза Қазақстан» акциясына мәдениет және өнер қызметкерлері де атсалысты. Акция аясында өнер майталмандары ағаш егіп, айналаны тазартты. Биыл елордада бір миллионға жуық ағаш егу жоспарланған.Республикалық "Таза Қазақстан" акциясына Астана қаласы мәдениет басқармасына қарасты 13 мекеменің қызметкерлері қатысты. "Шахардың сұлу келбетін сақтау -баршамыздың ортақ міндетіміз" дейді олар. Ақерке ЖҰМАНБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:Бүгін өзіңіз білесіз мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Осыны да пайдаланып және "Таза Қазақстан" экологиялық акцияны жүзеге асыру мақсатында және Елорданың көркею мақсатында осындай экологиялық акция ұйымдастырдық. Сонымен қатар Астана қаласында миллионға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Мәдениет қызметкерлері бүгін мереке күні акцияға қатысуды жөн көрдік дейді. Олар осылайша бас қаланың көркеюіне үлестерін қоспақ. Айболат ЖАУДЫР, М. ГОРКИЙ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:Бүгін біз де "Таза Қазақстан" акциясын қолдау мақсатында Астана қаласындағы өнер адамдары келіп бүгін ағаш отырғызуды ұйымдастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Астана қаласына қарасты мәдени мекемелердің барлық қызметкерлері шықты. Сонымен қатар Максим Горкий театрының әртістері осы жерде. Майра ІЛИЯСОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:"Таза Қазақстан" деген акция көптен бері болып жатыр. Менің көңіліме өте ұнайды. Өйткені бұл Астана. Астанаға бүкіл әлем қарайды. Мұндай қаламыз үнемі тазалықта болуы керек. Менің қуанатыным мектептегі балалардан бастап, балабақша тәрбиешілері таза қазақстанға үлкен үлес қосып жатыр. Мәдениет және өнер қызметкерлері мұндай игі шара жалғасын табатынын жеткізді. Бас қаланың ажарлы келбетін сақтау -баршаға ортақ міндет.