Астанада тілдерді дамытуға қосымша 103 млн теңге бөлінді

Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев қазақ және басқа да тілдерді дамытуға қосымша қаражат бөлінгенін айтты.«Дене шынықтыру және спорт басқармасына республикалық және халықаралық жарыстарға құрама командаларды даярлауға және қатысуға, жан басына шаққандағы қаржыландыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа, жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріне жабдық сатып алуға жалпы сомасы 3 млрд 667 млн теңге қаражат бөлу көзделіп отыр», - деді Қайсар Маңқараев қоғамдық кеңес отырысында. Сондай-ақ, басқарма басшысы Тілдерді дамыту және архив істері басқармасына мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамытуға қосымша 103 млн теңге бөлінгенін айтты. «Сонымен қатар Көлік және жол көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына, көлік инфрақұрылымын дамытуға және қоғамдық көлік тасымалдаушыларының шығыстарын субсидиялауға қосымша 25 млрд теңге қаражат бөлу ұсынылып отыр. Коммуналдық шаруашылық басқармасына нөсер кәріздерінің күтіміне, оны тазартуға «Астана су арнасы» атмосфералық жерүсті ағындарын жіберу мен тазартуға, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға қосымша 14 млрд 254 млн теңге қаражат бөлу сұралады», - дейді Қ. Маңқараев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шикізаттың аздығы немесе Түркістан жиһаз өндірушілердің мәселесі неде
«Күйеуімнің ағасы ішкі істер бөлімінің бастығы»: 12 жыл бойы күйеуінен зорлық көріп келе жатқан әйел көмек сұрады
Риддер жылу желілерін жөндеуге қанша қаржы бөлінді?
Әнші Мөлдір Әуелбекова өзін ғайбаттайтындарға алғыс айтты (ВИДЕО)
Атырауда 400-ге жуық тұрғын емделмейтін ауруға шалдыққан
Өзбекстанда өткен халықаралық айтыста Мұхтар Ниязов бас жүлде алды
​"Өгей шеше өз анаңдай болмайды". Абай Бегейдің үлкен қызы жан тебірентерлік жазба жариялады
Оқу-ағарту министрі "Алтын белгіге" үміткер оқушылармен кездесті
Теңге ілуден жастар арасында ел чемпионаты аяқталды
“Заңдағы олқылық жойылды”. Депутат көші-қон заңына қатысты пікір білдірді
Майқайыңда іздеу жұмыстары қайта жанданғаны рас па?
Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтағаны белгілі болды
Тағдыр мен майдан: Ұларбек Нұрғалым неге Кемел Тоқаев туралы кітап жазғанын айтты
Сұранысқа ие цифрлық кадастрлық қызметтер белгілі болды
«Жумонг ханзада»: Қазақстандықтардың корей киіміне қызығушылығы артып келеді
Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды?
"Қауіпсіздік сақталмаған". Алматыда екі жұмысшы кәріз құдығында көз жұмды
Халықаралық турнир: финалға шыққан боксшылар белгілі болды
Мигранттарды еңбекке заңсыз тартқан 300-ге жуық жұмыс беруші анықталды
Су тасқыны. Үкімет резервінен қаржы бөліне ме? - вице-министр жауап берді
Маңғыстау облысында колледж директоры қызметкерлерінен "сыйақы үшін" 30 млн теңге алған
Миды мұздатып, 18 айдан кейін қайта еріткен кезде де жақсы жұмыс істеген
Сенбіге арналған ауа райы болжамы
Жаңа салық кодексі Мәжілісте қашан қаралмақ