Астанадағы құрылыс алаңында төрт жұмысшы 9-қабаттан құлап кетті. Оның екеуі көз жұмған, тағы екі азамат ауыр халде ауруханада жатыр. Өнеркәсіптік альпинистердің үшеуі 1999 жылы, біреуі 2002 жылы туған. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу дерегімен тергеу басталды. Ринат ЖҰМАХМЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.