Елордада тұрғын үй ауласынан әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«2023 жылғы 19 қыркүйекте Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй ауласынан әйелдің денесі табылды (зорлау белгілері жоқ). Қазір қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Ол 53 жастағы елорда тұрғыны», - делінген мәліметте. Полиция департаментінің дерегінше, бүгінде сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.