Астанада түрлі елдің елшілері ағаш екті

Астанада түрлі елдің елшілері 350 түп ағаш екті. Ауқымды шара "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Елімізді көркейтіп, көгалдандыруға атсалысқан жандар жайлы тілшіміз Дәрібек Бахытбек айтады. Астанада көктемгі ағаш егу науқаны қызу жатыр. Оған 70 елшілік пен халықаралық ұйымдар атсалысты. Индонезияның Қазақстандағы елшісі Рахман Мохамад қала тазалығы баршаға ортақ дейді. Рахман МОХАМАД, ИНДОНЕЗИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ: Бәріміз қуаныштымыз. Астана қаласынын әкімдігімен бірлесіп қазір тазалық жумыстарын атқарып жатырмыз. Астана -өте таза қала. Жане жасыл қала. Біз ағашты еккенде екі ел арасындағы қатынастың тығыз әрі берік болуын қалаймыз. Кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы тазалыққа қатысты пікірін айтты. Яғни, тазалық күнделікті біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы керек. "Тазалық- тәртіптің үлгісі" атты экологиялық акцияның басты мақсаты- қаланың көркіне сән беретін ағаш қорын арттыру. Байқоңыр аудан әкімдігі де бүгінгі игі іске жұмыла кірісті. Акцияда олар қарағай, қайың, қарағаш ағаштарын екті. Талғат РАХМАНБЕРДІ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Мұнда тек ағаш емес суару жүйесі де автоматты суару жүйесін бірге қойып жатырмыз. Себебі ағаш егу деген ол бір жұмыс. Оны күтіп баптау- үлкен жұмыс. Сондықтан осындай жұмыстарды ағаш еккеннен кейін оның өсіп баптауына, оның биік ағаш болуына біз осы барлық жағдайды жасап жатырмыз. Айта кетейік, атаулы шара Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи музейі аумағында ұйымдастырылды. Тазалық акциясы елордада жалғасын табуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Қазақстандағылар қамқор болды“ - Ұшақ апатынан зардап шеккендер
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Үш титул үшін айқас. Жәнібек келесі қарсыласын атады
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасы
Ақтау әуежайында ұшақ апатына дейін және кейін не болғаны белгілі болды
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Әзербайжан ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Жұма күнге арналған валюта бағамы
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін табылған қара жәшік қашан ашылады
Жетісайда құжатсыз жүрген 7 жасар бала: ол отбасына қайтарыла ма?
Биыл 254 мектептің құрылысы аяқталды
Бүгін Мұхамеджан Қаратаевтың туған күні
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Доллар, еуро және рубльдің 27 желтоқсанға бағамы жарияланды
“Қазақстандағылар қамқор болды“ - Ұшақ апатынан зардап шеккендер
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер қандай жетістіктерге қол жеткізді
Еліміздегі балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды
Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге Ресей мен Әзірбайжан мамандары қатысады
Ғылым және жоғары білім министрі Абай университетінде кездесу өткізді