Астанада үш альпинист биіктен құлап, қаза тапты: кінәлі адамға сот үкімі шықты

Астананың құрылыс нысанынан өнеркәсіптік үш альпинистің қаза болу фактісі бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзып, үш адамның абайсызда қайтыс болуы, адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiру фактісі бойынша Ш.-ға қатысты істі қарады (ҚК 277-бабы 3-бөлігі). "Мердігер ЖК Ш. құрылыс жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі қағидаларын бұзып, қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлға бола отырып, көтергіш сымарқанның техникалық жай-күйі мен жарамдылығын тексермеген. Биікте тұрғын үй кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген 4 өнеркәсіптік альпинистің сақтандыру сымарқаны техникалық талапқа сай бекітілмегені анықталды. Жазатайым оқиғадан абайсызда үш альпинист биіктіктен құлап, қаза тапты. Бір альпинист ауыр дене жарақатын алды", - делінген сот таратқан хабарламада. Сотта прокурор айыпты қолдап, сотталушыны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Барлық жәбірленуші сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ. Қорғаушы тарап сотталушыдан қылмыс құрамының болмауына байланысты оны ақтауын сұрады. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің, мамандар мен сарапшылардың айғақтарымен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, сараптамалардың қорытындыларымен және өндірісте болған жазатайым оқиғаны арнайы тергеу актісімен дәлелденген. "Сот Ш.-ны ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге құрылыс-монтаж жұмыстары саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ш.-дан жәбірленушілердің пайдасына 5 миллион теңгеден және 10 миллион теңге моральдық зиян өндірілді", - делінген сот үкімінде. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елдос Сметов жоғары лауазымды қызметке бара ма?
Насыр – үздік баяншы
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
Бизнесті буындыратындар да бар
Қайтқан активте қайыр бар
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп