Астанада үш кассациялық сот құру ұсынылды

Мәжілістің жалпы отырысында сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша құжат бірінші оқылымда қаралып жатыр.Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ кассациялық сатыны жетілдіру мәселесін көтеріп, заң жобасының негізгі новелласын таныстырды. Сот ісін жүргізу мәселесі ең өткір, күрделі және өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы мен азаматтардың соттарға деген сенім деңгейі әр сот сатысы жұмысының тиімділігіне тікелей байланысты. Кассацияның бүгінгі моделі азаматтар мен заң қоғамдастығы өкілдері тарапынан елеулі сынға ұшырап отыр, - деді депутат. Шапақтың айтуынша, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша кассациялық өтiнiшхаттарды алдын ала қараудың тәртiбi мен шарттары әртүрлi. Азаматтық істер бойынша судья азаматтардың өтінішхаттарын алқалы қарауға беру туралы шешім қабылдайды. Қылмыстық істер бойынша тек 2023 жылдың шілдесінен бастап кассациялық өтінішхаттарды алқалы алдын ала қарауға көшу жүзеге асырылды. Бірақ бұл тәртіп де жетілдірілмеген, себебі бір "үштік" судьяларды тапсырады, ал екінші "үштік" судьялар істі мәні бойынша қайта қарайды және өз әріптестерін қолдамауы мүмкін, бұл процеске қатысушылардың наразылығын тудырады. Мұндай шағымдар тек әкімшілік әділет бойынша жоқ, өйткені “жаппай кассация” жұмыс істейді, - деп айтты Үнзила Шапақ. Заң жобасы бастапқыда Жоғарғы Сотта қылмыстық және азаматтық істер бойынша істерді алдын ала қарауды алып тастауды ұсынды. Барлығы "жаппай кассация" қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс, яғни істер бірден кемінде 3 судьядан тұратын құрамның қарауына түсуі тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жоғарғы Сот кәсіпкерлермен және заң қоғамдастығымен дербес кассациялық саты құру мәселесі бойынша консультациялар раундын, яғни кездесулер өткізді. Қорытындылары бойынша дербес кассациялық сатының жаңа моделі ұсынылды. Сөз елордада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша 3 кассациялық сот құру туралы болып отыр, - деп түсіндірді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады
Мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады