Астанада үш күнде 22 өрт болды

Елордада қызыл жалын әйел адамның өмірін жалмады. Ақмола облысында да бір адам өрттің құрбаны болды. Ал Қостанайда жылыту кезеңі басталғалы 9 адам қаза тапқан. Өрттің жиілеуі көпшілікті алаңдатып отыр. Өңірлердегі ахуалды тілшілеріміз жеткізеді. Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ: Ақпан ашуға мінгелі төтенше жағдай жиілей түсті. Соңғы үш күнде Астанада 22 өрт болған. 18 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 1 адам қаза тапты. Тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар жанған. Қазір өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Бүгін сондай-ақ, Көктал шағын ауданында аумағы 500 шаршы метр жиһаз цехы отқа оранды. Қызыл жалынды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар департаментінің 54 өрт сөндіруші мен 12 техникасы, апаттар медицинасы орталығынан 3 адам мен 1 техника жұмылдырылды. Мадияр МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебін анықтауда. Ал Ақмола облысы Ақкөл ауданында жеке тұрғын үй от құрсауында қалды. 65 шаршы метр аумақ күлге айналған. Өрт сөндірушілер үйінділерді бөлшектеу барысында 1966 жылғы ер адамның денесін тапты. Арыстан ӘБІШЕВ, АҚКӨЛ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Еңбек ауылына шақыру түсті. Өртті ауыздықтауға жеке құрамның 7 адамы және 2 техникасы бар ТЖД күштері дереу жіберілді. 06-55-те оқшауланған өрт 08-18-де жойылды. Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ: Жыл басынан бері Астанада 117 өрт болған. Оның 49-ы- жеке тұрғын үй секторында. Қостанайда да өрт жиілеп тұрған секілді. Ол туралы әріптесім Заңғар Санай айтады. Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ: Жылыту кезеңі басталғалы Тобыл өңірінде 147 өрт оқиғасы тіркелген. 9 адам қаза тауып, 7 адам жарақаттанды. Өңірдің үш тұрғынына иіс тиген. Көп жағдайда тұрғындар қауіпсіздік ережелерін ескермейді дейді мамандар. Ішімдік ішіп, темекі тұқылын сөндірмей үйсіз қалғандар да бар. Өңір тұрғындарын өрт пен иіс тиюден сақтау үшін арнайы құрылғылар көбірек орнату керек. Аймақта алты мыңға жуық баспанаға қондырғы қойылған. Соның арқасында адамдар аман қалып жатыр, дейді департамент өкілдері. Аязбек ЫСҚАҚОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ: Халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1175 датчик орнатылған.2019 жылдан бастап облыс бойынша барлығы 5 870 датчик орнатылды. Көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты зейнеткерлер тұратын төрт үйде орнатылған датчиктін арқасында көміртегі тотығымен уланудан сақтап қалды. Октябрь кентіндегі бір отбасы аман қалды. Датчик дер кезінде іске қосылып,үйдегі бес адам дереу сыртқа шыққан көрінеді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 51 мың ауланы аралап, 70 мың адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ: Жеке сектор тұрғындары ең әуелі пеш пен мұржаның жағдайын жіті қадағалау керек. Және балаларды үйде жалғыз қалдырмаған жөн дейді мамандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Петропавлда қарумен адам қорқытып, ақша бопсалаған топ мүшелері 4,8 жылға сотталды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді