Астанада 7 тамызда 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Оқушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Білім беру басқармасының мәліметінше, оқушы мектеп аумағында болған."№10 мектеп аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Алған жарақаттарынан бала жан тапсырды", – деп мәлімдеді Астана қалалық білім беру басқармасының баспасөз қызметі. Қазіргі таңда баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.