Астанада ведомствоаралық эксперттік топ мектеп оқушыларының сапалы тамақтануын бақылады

Астанада ведомствоаралық эксперттік топ мектеп оқушыларының сапалы тамақтануын бақылады. Сарапшылар білім ордаларындағы асханаларды қадағалайтын бракераждық комиссияның жұмысына баға берді. Бракераждық комиссия құрамына ата-аналар мен мектеп әкімшілігі кіреді. Олар ыстық тамақ және буфеттік тағамдарға бақылау жасап, асханадағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын екі аптада бір рет қадағалауға міндетті. Ведомствоаралық эксперттік топ дәл осы бракераждық комиссияның жұмысын бақылау үшін №6 гимназияға барды. Татьяна ВАСИЛЬЧЕНКО, АСХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: Біздің міндетіміз – балаларды дәмді, пайдалы әрі уақытылы тамақтандыру. Ас мәзіріміз белгіленген талаптарға сай, маусым сайын ауысып тұрады. Асханада 12 қызметкер бар. Барлығы кәсіби мамандар. Тағамдардың бағасын Білім басқармасы бекіткен. Сарапшылар әр оқушыға кететін тамақтың құрамы мен мөлшерін, сондай-ақ тиісті құжаттардың дұрыстығын тексерді. Мамандар тексеріс барысында кемшіліктер анықталмағанын жеткізді. Бақыт ШАНБАЕВА, ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЭКСПЕРТТІК ТОП МҮШЕСІ: Ботқа деген тамақтың, соған салынған сүттің мөлшерін, сары майдың мөлшерін нормаға сәйкес екендігін анықтадық. Ботқаның құрамында 10 грамм сары май болуы қажет. Бутерброд болса, онда 10 грамм сыр болуы керек. Серік ӘДІЛБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жалпы айтқан кезде бүгінгі күні мектептегі тамақтану сапасы жақсы. Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіледі. Мәзір қарастырылуы мүмкін. Келесі оқу жылында сапалы тамақатануға дайындық жұмысын осы жаз уақытында бастаймыз. Астанада жалпы саны 100 мемлекеттік мектеп бар. Ведомствоаралық эксперттік топ сәуір айынан бері қаладағы 15 мектептің асханаларына мониторинг жүргізді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Отставкаға кеткен мемлекеттік қызметкерлер өз жұмыстарына орала ала ма?
Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азаматтарының аты-жөні жарияланды
Қарағандыда куәгерді азаптаған екі полиция қызметкері сотталды
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Маңғыстаулықтар зардап шеккен әзербайжандықтарды шығарып салды
Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ын туыстары танып, жеке басы анықталды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
2025 жылы елордада жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады
Тимур Мұратов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты
Ештеңені растай да, жоққа шығара да алмаймыз - Бозымбаев ұшақ апаты туралы
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстандық спорт жұлдызы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)