Астанада өтіп жатқан Tour of Uly Dala веложарысы кезінде ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Kazakhstan Cycling Federation мәліметінше, Астанада өтіп жатқан Tour of Uly Dala кезінде веложарысқа қатысушылардың бірі трассадан шығып кетіп, қаза болған."Алдын ала мәлімет бойынша, 1983 жылы туған ер адамның жүрегі шыдамаған. Жарыс бойынша кезекші жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмады", - делінген хабарламада.Веложарыс ұйымдастырушылары марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Жарысты аяқтау туралы шешім қабылданған. 16 шілде - жексенбіге жоспарланған кезең де тоқтатылады. Tour of Uly Dala велоспортының әуесқойлары мен ардагерлері арасындағы тасжол жарысы екі кезеңде – 15 және 16 шілдеде өтуі тиіс болаған.