Астанадағы 23 этнос өкілі Наурыз мерекесін тойлады

Астанадағы Достық үйінің алаңында Наурыз мерекесі тойланды. Мұнда қаладағы 23 этнос өкілі жиналған. “Қош келдің, Әз-Наурыз!” атты мерекелік шараға Президент Әкімшілігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, қала әкімдігінің өкілдері мен дипломатиялық өкілдіктердің елшілері қатысты. Түрлі ұлт өкілдерінің басын бір шаңырақ астына тоғыстырған ғимараттың алаңы мерекелік күйге бөленген. Жиналған жұрт ұлттық нақышта киініп, бір-бірімен жылы сәлемдесіп, ізгі тілектерін жаудырып жатыр. Яхия қажы АБДУЛЛАҰЛЫ, «ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ: Көктемнің мейрамы Наурыз мерекесін 14 наурыз Көрісу күнінен бастап тойлап жатырмыз. Өте жақсы өтіп жатыр. Әрбір күн белгіленген атаумен. Кешегі Ұлттық киім күні секілді жақсы күндерді атап өтіп жатырмыз. Астаналықтар алаңда алтыбақан теуіп, киіз үйлерде түрлі бағытта мастер кластар ұйымдастырылды. Онда этномәдени бірлестіктердің ұлттық нақыштағы экспозициялары қойылды. Гүлнар ТАЙГОКОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Бес киіз үй тігілді. Оның ішінде этномәдени бірлестіктер, қолөнер шеберлері мастер класс көрсетеді. Сондай-ақ өздерінің бағдарламасын көрсетеді. Шара барысында жыл бойы қайырымдылық шараларына қолдау білдіріп, бүгінгі мерекеге де үлес қосқан кәсіпкерлер мен меценаттарға қала әкімінің Алғыс хаты табысталды. Марат ӘЗІЛХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ: Биыл мінекей, Наурызнама 10 күн көлемінде атқарылып жатыр. Наурыз мерекесі Көрісу, Амал күнімен басталды. мінекей жалғасын тауып Достық үйінің алаңында қарсы алып жатырмыз. Мерекелік шарада қол күрес, қазақша күрес, асық ату, гір көтеру секілді ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ғалымдар Альцгеймерге ауруының күтпеген себебін анықтады
Спортшы Бекзат Жортанов Маңғыстау облысы “Грек-рим, еркін күрес“ федерациясын сынға алды
Қазақстанда чемпион болған. Боксшы жеңілмеген қарсыласын бір соққымен ұйықтатып тастады
Сербиядан аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Электр энергиясы келесі айдан бастап қымбаттауы мүмкін
Мемлекет басшысы Асхат Хасеновті қабылдады
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтарына сұраныс артуда
Көшпенділер қалашығына жол салынбақ
Алматылық нейрохирургтер бала өмірін сақтап қалды
Алматыда төбелескен Үндістан студенттері еліне қайтарылады
Бактериялар Альцгеймер ауруын тудырады
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер
Қаладан 15 200 текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды
2024 жылы полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды
Атырауда әйел 8-қабаттан құлап, өз-өзіне қол жұмсаған
2025 жылы қандастарға қанша өңірлік квота бөлінді