Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы көпқабатты үйдегі өрттің алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Белгілі болғандай, өрт толығымен 250 шаршы метр алаңда жойылды.Өрттің алдын ала себебі: отпен жұмыс істеу немесе оттың аз калориялы көздері. 2-ші қабаттан 27-ші қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы мен жылытқышы жануы орын алды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.Сондай-ақ өрт кезінде өрт сөндірушілердің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала. 2 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар.Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде. Жоюға 20 бірлік техника мен ҚР ТЖМ 91 құтқарушысы жұмылдырылды.Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.