Астанадағы бір пәтерде 937 адам тіркелген

Астанадағы бір пәтерде 937 адам тіркелген. Бірақ онда бір ғана отбасы тұрады. Алматы облысында да осындай 13 мың факті анықталды. "Резеңке пәтерлер" мәселесі қашан реттеледі? Бұл заңсыздыққа тоқтау бола ма? Тілшіміз айтады. Көріп тұрғандарыңыздай тіркеуге тұру өте оңай. Астана қаласында бір мекенжайда тым көп тұрғын тіркелген 924 баспана тексерілді. Оларда 35 мыңдай адам тіркеуде тұрғаны әшкере болды. Яғни, бір ғана пәтердің өзінде 800-ден астам адам, екіншісінде – 600-ден астам азамат, үшіншісінде – 400-ден астам адам тұрақты тіркеліп, тұрып жатқан болып шықты. Нұрсұлтан ҚҰДАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жақында 35 шаршы метр үйге 930 дан астам мигранттарды тіркеу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалғызбасты ана мигранттарды тіркеу арқылы олардан ақша алған. Осындай әркетке барғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады Көші-қон қызметінің қызметкерлері 40-қа жуық хаттама жасап, оның ішінде 6 тәртіп бұзушыны қайтадан жауапкершілікке тартқан.Тұрғын үй иелерінің өтініші бойынша осы мекенжайларда тұрмайтын, бірақ тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары есептен шығарылды. Аян АБДЫНАСЫРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: 5 айдың қорытындысы бойынша 1426 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Айта кетейік, заңнамада бір мекенжай бойынша тіркелген азаматтардың санына шектеулер қарастырылмаған. Дегенмен, тіркелген азаматтар тіркелген жерінде нақты тұруға міндетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтауда жол ортасында билегендер жазаланды
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды
Серік Теміржанов финал үшін айқасын өткізді
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін