Астанадағы бір пәтердің өзіне 930-дан астам адам тіркеліп алған

Бас прокуратура алқасының отырысында орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.Бас Прокурор Берік Асылов көші-қон ағындарының ұлғаюы жағдайында көші-қонды бақылап қана қоймай, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететіндей бағыттау қажет екенін атап өтті.Отырыс барысында прокурорлық тексерістердің нәтижелері баяндалды.Алты өңірде (Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және Астана қалалары) прокурорлар заңсыз көші-қон арналарын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.Мысалы, Қарағанды облысында ХҚКО, медициналық мекемелер мен "көмекшілер" деп аталатын қызметкерлерді қамтитын қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды, олар ақша үшін еңбек шарттарын, медициналық анықтамаларды қолдан жасап, тұрғын үйді жалған тіркеуді ресімдеген.Қордай ауданында Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен 20 пәкістандыққа шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырған Қазақстан мен Қырғызстанның үш азаматы ұсталды.Олардың бірі мигранттарды көлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз еткен және ол сотталды, қалған екеуіне қатысты іс сотқа жолданды (М есімді азамат бас бостандығынан айыруға сотталды, А және О есімді азаматтарға қатысты іс сотқа жіберілді).Прокурорлар жалған мекенжайлар бойынша және "резеңке пәтерлерде" тіркелген 22 мың шетелдікті анықтады.Астанадағы бір пәтерде шетелдіктерді қосқанда 937 адам тіркелген, бірақ онда бір ғана отбасы тұрған.Алматы облысында осындай 13 мың факті анықталды.Тексеріс нәтижелері бойынша құжаттарды қолдан жасауға, шекараны заңсыз кесіп өтуге, сот актілерін орындамауға және басқа да бұзушылықтарға байланысты барлығы 42 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Енді мемлекеттік қызмет үшін туысыңыздың ЖСН нөмірі де керек болады
41 градус ыстық: Синоптиктер ескерту жасады
Кейт Миддлтон химиотерапиядан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
Енді мемлекеттік қызмет үшін туысыңыздың ЖСН нөмірі де керек болады
"Түсімде аяғыңыз ауыр". Ерке Есмахан жаңалығын бөлісті
Белорусь елінде тұратын қазақ бапкері Париж Олимпиадасына шәкіртін апарады
Маңғыстау облысында 21 жастағы жігіт суға батып кетті
Семейде Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығы тойланды
"Кім таяқ жемей жатыр?" Әріптесіне араша түскен "Меломен" тобының әншісі сынға қалды
Талдықорғандағы демалыс орнында әскери қызметкердің қатысуымен атыс болды
Семейде Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығы тойланды
Мәңгілік ел даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Оралда мал соятын орында жарылыс болып, 10 адам зардап шекті
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апаты болды
Кей өңірде найзағай, кейбірінде өрт қаупі сақталады: 17 маусымда ауа райы қандай болады?
Нөсер жаңбыр, бұршақ, жел: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы
Шығыс Қазақстанда автокөлік өртенді
Әкелер күні: елордада жас отбасыларға шеберлік сағаты ұйымдастырылды
Ақсу қаласы әкімінің орынбасары жазаланды
40 градус ыстық: ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ақтауда жас жігіт суға батып кетті
Ақтөбе облысында жүк көлігі өртенді
Ертең үш облыста ауа температурасы 40 градустан асады