Астанадағы Kaspi бөлімшесін басып алған ер адамның суреттері пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.18 маусымда ер адам Каspi bank-те 7 адамды кепілге алған. Қазір кәсіби мамандар онымен келіссөз жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ер адам шамамен 30 жаста. Ол Kaspi-дің барлық активін мүгедек балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға арналған қорға аударуды талап етіп отыр. Ер адам талабын орындауға 3 сағат уақыт беріп, кепілге алынғандарды "өлтіремін" деп қорқытқан.