Астанадағы клиника қайтыс болған және қоныс аударған адамдарды өзіне тіркеп алған

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мониторинг барысында МӘМС және ТМККК қаражаттарын пайдалануда бірқатар ірі бұзушылықтарды анықтады. Емхана 16 мың азаматты өзіне заңсыз тіркеуге қою есебінен 100 миллион теңгеден асатын қызметтерді "қосып тіркеген", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмектің сапасы мен көлемдеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Қор аталған жұмысты жүргізу нәтижесінде Астанадағы жеке меншік емхана 16 мың азаматты, оның 13 мыңнан астамы – балалар, өзіне заңсыз тіркеп қойғанын анықтады. Азаматтарды тіркеу Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыруға қол жеткізу үшін осы аталған тұлғалардың немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жасалған."Мұның себебі барлық емханаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қаражатынан оларға бекітілген әрбір тұрғын үшін айына 1 617,64 теңге мөлшерінде базалық төлем есептеледі. Бекітілген халықтың жас коэффициенті бойынша сома әрбір емхана бойынша жеке реттеледі. Нәтижесінде аталған клиника мемлекеттен әрбір тіркелген тұрғын үшін айына шамамен 1 800 теңге алып отырған. Бұл емханаға шетелге тұрақты немесе уақытша тұруға кеткен адамдар тіркелген. Сонымен қатар Қазақстанның басқа өңірлерінде тұратын азаматтар да болды. Тұрғындардың елордалық емханаға ешқашан жүгінбегендігі, алайда медициналық қызмет алғандығы туралы 1414-тен хабарлама алып наразы болғандығы жөнінде шағымдары бар", - делінген хабарламада.Кепілдік берілген төлемнен бөлек, емхана 16 мың азамат үшін нақты көрсетілмеген қызметтерге МӘМС жүйесінде төлем ұсынған. Сонымен бірге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 5-10 жыл бұрын қайтыс болғандығы тіркелген балаларға медициналық қызмет "көрсету" фактісін анықтады.Астаналық емхана жалпы сомасы 100 млн теңгеден асатын 33 мыңнан астам қызметті "қосып жазған".Аталған факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта Астана қаласының мамандандырылған экономикалық сотында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен елордалық емхана арасында бұзушылық үшін айыппұлды қоса заңсыз алынған соманы қайтару жөнінде сот талқылауы жүріп жатыр. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Алматы облысында жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
Алматы облысында жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Орынсыз қызғана берме: Ғаділбек Жанай келіншегін жұрттың көзінше жылатып қойды
Футзал: “Қайрат“ Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне бір табан жақын қалды
Жетісуда пробация есебіндегі азамат жеке кәсіп ашты
Курчатов қаласында үйде қамалып қалған баланы құтқарушылар сыртқа шығарды
«Парасат майданы» спектаклі көрермен назарына ұсынылады
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Құжатым жоқ, мектепке бармаймын: Әлеуметтік желіде ауыр жұмыс істеп жүрген баланың бейнежазбасы тарады
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам жұрттың көзінше өз-өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы қайта жанданды
Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды
Астанада ақылы автотұрақты кімдер тегін пайдалана алады
Елордада ақылы автотұрақты кімдер тегін пайдалана алады
Тоқаев Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Іле-Алатау паркінде тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды