Астанадағы Көктал-2 тұрғындары иттен қорқып, көшеге шыға алмай отыр

"Көшеге шығуға қорқамыз" дейді Астанадағы Көктал -2 тұрғындары. Айналада қаңғыған ит қаптап жүр. Балаларды да сабаққа жібере алмай отырған тұрғындар құзырлылардан көмек сұрайды. Көктал 2 тұрғындары көшеде таяқ ұстап жүруге мәжбүр. Иттер баланы қойып, үлкендерге тап беретін болған. Бір қызығы, бұлар- иесіз емес, жануарлар орталығының мойнына чип салынған иттері. Индира, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жүргізбейді, мынау өзімнің балам. Спорт комлексқа самбоға барады, таңертеңге мерзімдерде. Енді ол балам бара алмай отыр. Мама қорқам дейді. Иттер қуады. 1 ит 2 ит болса еш нәрсе етпес иттер топ- тобымен жүреді. Алтаудан, жетіден, сегізден. Көкталдың ішіндегі ағаштарда, 5-6 ит тығылып жатады Қоршау деген аты болмаса, иттер орталыққа емін еркін кіріп-шығып жүр. Тұрғындар олардан ауру тарай ма деп те қорқады. Талғат, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қазір 10-15 тен жүретін болды. Көшеге шығудан қалдық . Былтыр күзде мектептің алдында тапа-тал түсте, шешесінің көзінше кішкентай қызды талап кетті. Қазір міне көктем келе жатыр, иттердің ауруы басталады, құтырма тағы басқалар. Ал ол құтырма ит жүрсе не болады. Қаңғыбас ит-мысықты қамап ұстайтын орталық бұл жерде 5 жыл бұрын ашылған. Тұрғындар жылда осы мәселені көтереді. Ал биыл жағдай тіпті қиындаған. Ит пен мысық көшеде қаңғып кетті дейді. Жауаптылардың айтуынша, орталықта қазір шамамен 3000-нан астам ит пен 200-ден астам мысық бар. Азамат ЕСЖАНОВ ҚАЛА, ӘКІМДІГІ "АСТАНА ВЕТСЕРВИС" КМК БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Бір аптаның ішінде мен уезвимый жерлерін тазалап тастаймын. Ең бастысы шелдердің барлығын бітеп тастау. Болды ровно бір аптаның ішінде, материалдардың барлығын занес. Дальше я, қазіргі таңда 4-ақ отловщик бар, бригада. Өздеріңіз білесіздер отловщиктің жалақысы төмен, оларды үйтіп-бүйтіп, суббота, воскресенье кешке жақын шығартып. Жалақысын көбейтіп. Былтыр елордада 2 мыңнан астам адамды ит қапқан. Қаңғыбас иттерге екпе салуға және зарарсыздандыруға 10 млн теңгеден астам ақша бөлінді. Әр жануарға 30 мың теңге жұмсалатынын ескерсек, бұл қаржы 360 итке ғана жетеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Павлодардағы кітап көрмесі
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді