Астанадағы мейрамханаларда ескірткіге қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

"Есірткіге жол жоқ!". Осындай атаумен Астанадаға мейрамханаларда түнгі рейд жүргізілді. Онда әкімдік, полиция қызметкерлері мен волонтерлар түсіндірме қағаздарын тартты. Бас қаланың түні де қарбалас. Көңіл көтеріп жүрген жас көп. Мейрамханалар мен кафелерде ығы-жығы адам. Рейдтік шара адамдар көп келетін сауық орындарында ұйымдастырылды. Есірткіге тосқауыл қою, оның таралуын болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізді. Әлия ҒИБАТҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ЕСКІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Қазіргі таңда Астана қаласында қала әкімдігімен бірлесіп полиция департаментімен қол қойылған Астана есірткісіз қала 2023-2025 жылдарға араналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы іс-шара аясында бірлесіп осындай түнгі клубтар және көңіл көтеру ойын сауық орталықтарында мына буклеттерді тарату бойынша іс-шара атқарудамыз. Нашақорлық-адамзаттың қас жауы. Бұл мәселе қазір қатты алаңдатып тұр. Еріктілер мен тәртіп сақшылары жамандықтың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары мен ақпараттық буклеттер таратты. Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ, ЕРІКТІ: Бүгін есірткіге қарсы акция өтіп жатыр. Біз жиі шығып тұрамыз. Жалпы есірткіден бөлек вандализмге қатысты да түсіндірме жұмыстарын жиі жүргіземіз. Бұл біз үшін маңызды. Бүгінде есірткіге тәуелді азаматтар саны азаймай тұр. Оның дені- жастар. Бұған ғаламтордағы ақпараттың ашықтығы, топтық психология, еліктеушіліктің ықпалы орасан дейді мамандар. Олжас ТӨЛЕГЕН, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Жаопы осы күндегі мәселе мемлекетіміздің ең жоғары деңгейінде Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында жиі талқыланады. Министрлік тарапынан телеграм және OLX платформаларында есірткіге қарсы қатысты контентті бұғаттау тұрақты түрде жүргізіледі. Шараның басты мақсаты- диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді