Астанадағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб 29 сәуірде сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін «Нұрлы жол» теміржол вокзалында (М.Тынышбайұлы көшесі, 8) жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою, терроризм актісінің салдарын азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру. Жаттығу әртүрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақындатылған. «Теміржол вокзалының қоршауында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - деп хабарлады Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.