Бүгін таңертең елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің маңынан қайтыс болған адамның денесі табылды.- 1 желтоқсан күні сағат 08:20 шамасында «102» арнасына «Азия Парк» сауда үйінің жанынан мәйіт табылды деген хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері аталмыш фактіні растады, - делінген елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері сауда үйінің жанынан зорлық-зомбылық белгірелі жоқ 51 жастағы ер адамның денесін тапты.