Астанадағы сайлау учаскелері маңызды күнге дайын

Сайлауға үш күн қалды. Бас шаһар тұрғындары тағдыршешті маңызы бар тарихи қадамға бір адамдай атсалысамыз деп отыр. Қалалық сайлау учаскелері де әзірлік жұмыстарын аяқтауға жақын.Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ: Елордадағы №58 сайлау учаскесіне дауыс беру құқығы бар 2600 азамат тіркелген. Жергілікті мәслихатпен бекітілген 9 комиссия мүшесі таңғы жетіден бастап, өздерінің жауапты міндеттеріне, қызметтеріне кіріседі. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасалған. Ал мына тұста бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, байқаушылар мен сенім білдірген адамдар жайғасады. 19 наурыз күні осы учаскеге қарасты сайлаушылар осы 5 кабиналардың біріне кіріп, өздерінің таңдауын жасай алады. Қымбат ЕРГЕБАЕВА, №58 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Сайлауға ақырындап дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Кабиналар орналастырылды. Ол кабиналардың төртеуі біздің сайлаушылар кіріп, дауыс берсе, біреуі мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған. Ақырғы күнге дейін тізімдер толықтырылады. Астаналықтар саяси додадан қалыс қалмақ емес әрі сайлаудан кейін оң өзгерістер жалғасады деген пікірде. - Барамыз дауыс беруге, отбасымызбен барамыз. Қазақстанның болашағы сондықтан қалыс қалмаймыз. - Сайлауға қатысу әр қазақстандықтың міндеті деп санаймын. Қандай адамдарды, кімдерді сайлаймыз соған байланысты біздің арғы дамуымыз. - 18 жасқа толып жатқандағы ең алғашқы сайлауым боп табылады. Сондықтан осы сайлауға барып, өз дауысымды беремін. - Жақсылық болатын шығар алдымызда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды
Оралда өзеннен ер адамның мәйіті табылды (ФОТО)
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді