Астанадан Бурабайға 2,5 сағатта жетуге болады

Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін Ұлттық тасымалдаушы «Астана-Бурабай курорты» бағыты бойынша жүретін электр пойызының жол жүру уақытын қысқартты. Енді елордадан бұл көрікті мекенге бұрынғы 4 сағаттың орнына небәрі 2,5 сағатта жетуге болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Ол үшін №7553/7556 «Қарағанды-Астана» электр пойызының маршруты Бурабай курортына дейін ұзартылды. Қарағандыдан Астанаға дейін бұл пойыз №7553/7556 нөмірімен жүреді, ал Астанадан Бурабай курортына дейін №6811/6812 нөмірімен жалғасады. 14 маусымнан бастап осы электр пойызының жүру жиілігі аптасына екі реттен бес ретке дейін ұлғайтылады. Енді «Қарағанды-Астана-Бурабай» электр пойызы дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді. Бұдан бөлек, №7507/7508 «Астана-Көкшетау» электр пойызының маршруты Саумалкөл станциясына дейін ұзартылады. Енді бұл пойыз аптасына үш рет – жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді. Сондай-ақ, Бурабай бағытында күнделікті №6829/6830 «Астана-Көкшетау» электр пойызы қатынайды. Жолаушыларға қолжетімді болу үшін электр пойыздарының билет құны 2 271 теңгеден 2 943 теңге аралығын құрайды. Қосымша электр пойыздарының билеттері 11 маусымнан бастап bilet.railways.kz сайтында және теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында қолжетімді. Биыл «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бурабай және Имантау-Шалқар курорттық аймақтарына шамамен 125 мың жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуды сұрайды. Билеттер болмаған жағдайда жолаушылар билеттерді сату сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында ер адам әйелін өртеп жіберді
22 қарашаға арналған валюта бағамы
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен барды
Елімізде 170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
"Қазақстанда кәсіби футбол клубын ашқым келеді" – Седет Чичек
Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
eGov қосымшасында уақытты өзгерту туралы сауалнама пайда болды
Абай облысында мектеп қазандығы жарылып, жұмысшы зардап шекті