Астанадан өңірлерге 50 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында волонтерлар да жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды.«Astana jastary» волонтерлар ұйымы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық заттарын жинап 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Астаналықтар зардап шеккен аймақтарға қажетті заттарды әлі де жинау пунктеріне тапсырып жатыр. Елордада таңғы 9 дан кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейтін 9 қойма бар. Қандай заттар қажет екенін өңірдегі орталықтарымызға хабарласып айтып жатыр. Күніне 100-ге жуық волонтерлар келіп көмектесіп жүр. 29 наурыз күні қажетті заттарды жинау бойынша жұмысты бастап кеттік. Көбінесе жастар келеді, - дейді Жастар ресурстық орталығының маманы Сұлтан Өмірғалиев.Сұлтан Өмірғалиевтің айтуынша, зардап шеккен аймақтағы тұрғындарға көрпе-төсек пен резеңке етік қажет. Қазір біз киімді жеткілікті түрде жинадық деп айта аламыз. Келген киімдерді сұрыптап, киюге жарамдысын арнайы қораптарға салып жатырмыз. Арасында жыртылған және жұқа киімдер бар. Күн салқын болған соң оларды жөнелте алмаймыз. Ал жыртылғандарын тастауға тура келеді. Көбінесе бізден төсек жабдық пен резеңке етікті сұраған. Көрпе-төсек аз жиналып жатыр, - дейді Сұлтан Өмірғалиев. Гуманитарлық көмек жинау мекенжайларының жұмыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан заттарды тапсырар алдында қоймаға алдын-ала қоңырау шалу керек. Астана қаласы бойынша гуманитарлық көмек қабылдау пункттері: Петров көшесі, №7 үй; Қалдаяқов көшесі, №11 үй; Әл-Фараби көшесі, №16 үй; Тамшалы көшесі, №24 үй; Момышұлы көшесі, №26 үй; Қарасай батыр көшесі, №2 үй; Уәлиханов көшесі, №25/2 үй; Жұмабаев көшесі, №21б үй.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте аудан әкімі аппаратының басшысы сотталды
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Бюджет қаржысын жымқырғандар сегіз жылға сотталды
Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Мәжіліс депутаты жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысына баға берді
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы сот үкімі шықты
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты