Күн райының қолайсыздығына байланысты Астанадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылды. Бұл туралы ҚазАвтожол қызметі хабарлады.«Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, көктайғақ) «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық» делінген хабарламада.Сондай-ақ, қазіргі сәтте жолшылар жаңа жауған қарды тазалап, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар сеуіп жатыр.