Астанадан шығатын барлық жол ашылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ауа райының тұрақталуына байланысты 3 қаңтар түнгі 02:00–ден бастап республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-159 шақырым аралығы, яғни Астана мен Ерейментау арасындағы жол бүкіл автокөлік түрлеріне ашылды. Осы күні таңғы 06:00 кезінде «Астана- Петропавл» жолының 18-234 шақырым аралығында, Астана мен Щучье арасындағы жолда да көлік қозғалысына рұқсат берілді.