Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді.Ол 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады. Саммитке Әзербайжан Президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады. Ильхам Әлиевті елорда әуежайында Премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.