Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Аян Смағұлов ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында елордада көші-қон болашақта қалай реттелетінін айтты.Бас жоспарда келешекте қаланың дамуына әсер етуі мүмкін экономикалық, әлеуметтік, саяси және өзге де факторларды кешенді талдау негізінде қала өмірінің ықтимал тәуекелдері мен жағымсыз процестерін барынша азайту үшін жобалық ұсыныстар әзірленеді. Оның ішінде елордадағы халық өсімінің жоғары қарқыны ескеріледі. Үкімет Астана әкімдігімен бірлесіп елордада көші-қон процестерін шешудің ұтымды әдістерін іздеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қатаң шектеу және тыйым салу шараларын белгілеу көші-қон ағындарын бақылауды шешуге әкелмейді, - делінген басқарма өкіліінің жауабында.Әкімдік бұл мәселеде халықаралық тәжірибенің оңтайлы деген тәсілдерін қолдануға ниетті. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдер ішкі мигранттар ағынын реттеудің нарықтық сценарийі бойынша жүріп жатыр, әкімшілік шаралар қажетті нәтижелерге әкелмейді. 2023 жылғы 1 қаңтарда «Агломерацияларды дамыту туралы» Заң қабылданды. Ол агломерацияны одан әрі дамыту бағытында орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының жұмысындағы жүйелік процестерді реттейді. Сол үшін Астана қаласы және Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен қаулысымен жергілікті агломерация кеңесі құрылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Қала маңы аймағын дамыту, нақты қалыптасқан агломерациялық байланыс, контрмагниттік кенттерді дамыту, сауатты әкімшілік саясатты құрумен қатар көші-қон процестерін теңестіруге, елорда мен қала маңы аймағының экономикалық және әлеуметтік дамуына мүмкіндік береді, - деп жауап берді Аян Смағұлов.