Астаналық ата-аналар балаларды "жұлдыз қыламыз" деген киностудияға алданып қалды

Эфирді армандап барып, ит пен мысықтың суретін салып, ойнап қайтқан. Астанада бір топ ата-ана жеке киностудияға алдандық деп дау шығарды. 6-16 жас аралығындағы баласын алты айлық ақылы үйірмеге бергендер енді ақшаcын қайтарғысы келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.Өйткені Big Frame деп аталатын медиамектеп ұл-қызымыздың "актерлік шеберлігін шыңдап, жұлдыз болудың қыр-сырын үйретеміз" деген шартын орындамады деп отыр.Балалар алты ай бойы актерлік шеберлікті шыңдап, шешендік өнерді меңгеруге тиіс болған. Алайда 100 мың теңге тұратын ақылы үйірме екі ай ішінде аяқталыпты. Алайда балалар кино мен жарнама роликтерге және "Бүлдір-күлдір" деген бағдарламаға түспеген.  "Балаларды бір жерге кіргізіп ойнатады да, ары қарай шығарып жібереді. Біз осы жерде күтіп отырамыз. Көк тер боп шығады балаларымыз. "Ішке кіргізуге рұқсат жоқ" дейді. Бірақ арасында өзіміз шу көтеріп кіріп, видеоға түсірдік. Балалар осылай отырады. Әр апта сайын үй тапсырмасы, "қыздар мысық боп келіңдер, ұлдар күшік боп келіңдер" дейді. Сонымен менің алты жасар балам "Мама, біз қашанғы мысық пен күшік боламыз? Қашан мен ТВ-ға түсемін?" деді. Енді түсірілім күтіп, ғажайып күтіп әлі отырмыз", - дейді Эльвира Ғалым. Балаңызды әртіс қыламыз, тележобаға қатыстырып, киноға түсіреміз, былайша айтқанда, ұл-қыздарыңыз экраннан түспейді" деп, өзін медиа маманымыз деп таныстырған адамдар жуырда жалға алған орындарын босатыпты.Ата-аналардың айтуынша, киностудия бастапқыда сабақтар, ал кейінгі төрт айда оқушылардың қатысуымен түсірілімдер болады деп уәде еткен. Алайда медиамектеп қызметкерлері бірді-екілі баламен шектелген. Оның өзінде де ол видео ешқайда жарияланбаған әрі ата-анасына да көрсетілмепті.Жазира Бисенбаева да ұлдарын жетектеп, балалардың жұлдызы жарқырасын деп, 200 мың теңгесін жұмсаған. "Екеуі екі түрлі уақытта келеді, біреуі 11-де, екіншісі сағат 1-де келеді. Баламыз келіп, ойнап-ойнап секіріп кетеді. Ешқандай нәтиже жоқ. Фото да, ролик та жоқ. "Тағы шақырамыз" дейді. Бірақ дым жоқ. Бес ай болды, жоқ", - дейді Жазира Бисенбаева.Бір қызығы, төлем бір жерге емес, әртүрлі адамдарға жіберіліп тұрыпты. Оны ата-аналар енді көріп аң-таң. Астанада осылай "алдандық" деген 40-тан аса ата-ана бар. Ал киностудиядағылар өзіне шаң жуытқан жоқ."Барлық ата-анаға ұнап, түсірілімге қатысқан. Бар ата-ананың "сторисі" бар ол жерде. Мен өзім Астанада тұрмын. Маған ешқандай ата-ана ақшамды қайтып алайын деген жоқ. Жалға алған ғимаратты төлеу керек, жұмыс тоқтатылды. Сотқа береміз дейді. Білмеймін, ол кісілерге соттасқан ұнайтын шығар. Мен түсінбедім. Барлық бала кестемен түскен, мен сізге мынанша бала түскен деп айта алмаймын", - дейді киностудия өкілі телефон арқылы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Туринге аман-есен жетті
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
Өзбек футболының жаңа белесі: Абдуқодир Хусанов "Ман Сити" ойыншысы атанды
ІІМ өткен жылы хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамды анықтады
12 қаңтарда елдің басым бөлігінде тұман түседі
Қазақстандағы ең үлкен стадионда жөндеу жұмыстары аяқталды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
Белгілі қытайтанушы Зуенко Қазақстан Президентінің жас кезіндегі фотосын жариялады
ІІМ 2024 жылы хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамды анықтады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов өмірден озды
Қазақстандағы ең үлкен стадион футбол ойындарын өткізуге дайын
Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді