Астаналық дәрігерлер «ALEM» деп аталатын жаңа технология ойлап тапты

Қазақстандық дәрігерлер "ALEM" деп аталатын жаңа технология ойлап тапты. Бұл донорлық органды ұзақ уақыт «транзитте» ұстауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ денеден тыс емдеуге мүмкіндік жасайды. Жаңа медициналық жетістік жайлы тілшіміз Дәрібек Бахытбек айтады. Елімізде жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін қазақстандықтардың саны 800 мыңнан асып жығылады. Оның 300-ге жуығы- ауыр сатыда. Ал, донорлық органдарға кезекте 137 адам тұр. Оның ішінде балалар да бар. Махаббат БЕКБОСЫНОВА, UMC БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі таңда 800 мың әлеуетті пациенттерімізге созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Ал, өмір мен өлім арасында тұрған 8 мыңнан 80 мыңға дейін, яғни бұл бүгінде не жүректі, не жасанды сол жақ қарыншаны ауыстыруды қажет ететін науқастар. Дәрігерлер науқастардың өмірі үшін күресіп келеді. Жаңа технология жақсы жетістіктірге жол ашады. Бұл қазіргі қолданыстағы американдық құрылғыларға қарағанда тиімді. Бұрын донорлық жүрек 4-6 сағат ішінде тасымалдаса, енді оны 24 сағаттан астам уақыт сақтауға болады. Юрий ПЯ, UMC БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ, КАРДИОХИРУРГ ДӘРІГЕР: Бұл -адам ағзаларын орналастыруға болатын робот. Мен қазірдің өзінде нәтиже американдық құрылғыға қарағанда әлдеқайда жақсы деп айта аламын. Бұл құрылғы қанша тұрады? Менің ойымша, бұл -әлдеқайда арзан. Құрылғы толығымен- қазақстандық. Дайындауға 2 жылға жуық уақыт кеткен. Осы уақыт ішінде 29 операция жасалды. Оның 16-сы- трансплантация. Операция тек адамдарға емес, жануарларға да жасалған. Тимур Лесбеков, UMC КАРДИОХИРУРГИЯ КАД ДИРЕКТОРЫ: Эксперименттік жұмыста біз 24 сағаттың денеден тыс оқшауланған түрде жұмыс істейтін және осы органның мінез-құлқын басқара алатын органды сақтай алатын және осы уақыт ішінде оны емдей алатын сенімді уақыт екенін дәлелдедік. Техниканың өзі жүрекке де, қанмен қамтамасыз етілетін басқа органдарға да жарамды болуы мүмкін. Ал бұл мүшелер – өкпе, бауыр және бүйрек. Мамандардың айтуынша, құрылғыны тек трансплантологияда ғана емес, хирургия, онкологияда да қолдануға болады. Сондай-ақ жарақаттанған аяқ-қолды емдеуге болады. Жоба биыл бастау алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысы шектелді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай Күләш Байсейітова шыңына шықты
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды
Қазақстанда менталды денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлінеді
Шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour сериясында бесінші орын алды
16 желтоқсанда елдің 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясы аясында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Қазақстанның "Үздік акушері" анықталды
Талғарда жаңа әкімді сайлау науқаны өтіп жатыр
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады