Иа, мерекемен ерекше құттықтауға барлығы асығып жатыр. Әлеуметтік желілерде толассыз тілектер таралуда. Сыйлық алуға асыққандарға Дәрібек Бахытбек тосын сый жасап, жылы лебізін білдірді. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:Әйел - Ана, Әйел - Ару, Әйел - Гүл! Жан-жағына жылулық сыйлайтын әйелдер қауымы қашанда береке-бірліктің жаршысы. Айналамыз ақ ұлпа қар болса да, көңіл күй ерекше. Өйткені, мереке Астанаға кеш келетін көктемнің сәулесін сезіндіріп тұрғандай. Барша аналарды, қыз-келіншектерді төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебізімізді жеткізейік. Мерекеңіз! Көктемдей құлпырып жүре беріңіз!Күтпеген жерден сый алған аналар мен арулар қуанышын жасырмады. Жылы жүзбен рақмет айтты. - Сәлеметсіздер ме, мерекелеріңізбен! - Да вычо - Көктемнің шуағындай құлпырып жүре беріңіздер. - Кинодан көрсекте. - Рақмет. - Оооо рақмет. Қаланың тіршілігі қашанда қарбалас. Соған қарамастан қыз-келіншектер құттықтауды қабыл алып, өздері де аналарын құттықтауға асықты. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:Құрметті арулар! Баршаңызды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын! Баянды бақыт тілеймін!