Желіде «ұлымды ұрдыңдар» деп екі баланы балағаттап жатқан ер адамның видеосы тарады. Онда ашуға булыққан азамат бүлдіршіндерге велосипедті сындырдыңдар деп айып тағып, айқайлаған. Осыдан кейін оларды аңдып, тіпті, көлікпен қақпақшы болды – дейді тұрғындар. Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі оқиғаның мән-жайын анықтады. Қазір 36 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды. НҰРА АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:Қоғамдық орында кәмелетке толмаған баланы қорлағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. https://youtu.be/X4ABbdfG3z4