Жолға шығып жоғалып кетті. Астаналық тұрғынның Атыраудан "бір етек" ақшаға сатып алған жаңа тракторы 2 аптадан бері ізім-қайым жоқ. Айтуынша, техниканы логистикалық компания жеткізіп беруі тиіс болған. Алайда, алданып қалған сияқты. Күнсұлу Сұлтанова ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала сала бірден жүк көлікке тиеп жіберген. Жеткізуші компанияны сайт арқылы тауыпты. Сенгені соншалық, келісімшарт та жасамапты. Қызмет үшін 210 мың теңге сұраған. Содан жолдамыз деген жүргізуші 3 күннен соң тракторды Ақтөбеге тастап кеткенін айтыпты. Күнсұлу СҰЛТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Тех паспорттың біздің атымызда екенін, техниканы дәлелдейтін құжаттардың бәрін қолына берген болатынбыз. Сонымен ол кісі Ақтөбеден үстіне тағы жүк тиеп аламын да сосын Астанаға жеткізіп берем деген болатын. Үш күн бойы сразу Ақтөбеге түсіріп кеткенін бізге айтқан жоқ. Үш күн бойы алдап келді “алып келе жатырмын, алып келе жатырмын” деп уақыт созып келді. Ең соңында, жету керек күні болған кезде ғана айтты бізге. Алданып қалғанын білген Күнсұлу бірден полицияға арызданған. Бірақ мардымды жауап жоқ дейді. Күнсұлу СҰЛТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Астана қаласының полициясына жазған арызымызға берілген талонға ешқандай жазбаша түрде қолымызға жауап берілген жоқ. 5 маусым күні бізге телефон соғып Ақтөбе қаласынан: істің ол жақта қаралмайтынын, тұрғылықты жер бойынша Астана қаласында қаралу керек екенін айтып кері жіберіп жатқандығын айтты. Ал, астаналық полицейлер қылмысты ашу мақсатында істі Ақтөбе қаласына жолдаған. Енді жауаптылардан жауап күтіп отырмыз дейді. Темірлан ТҰРСЫНБЕК, НҰРА АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТЕРГЕУ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Арыз бізге келіп түскен жағдайда қайтадан біз келген арыздың заңдылығын тексеріп аталған іс материалдар бойынша толық шешім қабылдаймыз. ҚР 201 бабына тергеу ешқандай мағлұматтарды жария ете алмаймыз. Трактордың қазір қайда екені белгісіз. Алаяқтарға алданған Күнсұлу енді не істерін білмей дал.
![Астаналық тұрғынның Атыраудан сатып алған жаңа тракторы 2 аптадан бері ізім-қайым жоқ](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1528831/image.jpg.webp)
Астаналық тұрғынның Атыраудан сатып алған жаңа тракторы 2 аптадан бері ізім-қайым жоқ
Жаңалықтар
![Қайрат Нұртастың анасы: Екеуінің махаббатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1584044/image.jpg.webp)
![«Сен оны аяғаныңмен, ол сені аямайды»: Қайрат Нұртастың анасы келіндері туралы айтты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621930/image.png.webp)
!["Құрамаға жігер бердіңіздер". Геннадий Головкин Олимпиаданың алғашқы жүлдегерлерін құттықтады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621898/image.jpg.webp)
![Еліміздегі фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмек бағасын түсіруі мүмкін](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621907/image.jpg.webp)
![«Жылап жібердім». Қазақстанға қола сыйлаған Исламның әжесі қуанышымен бөлісті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621927/image.png.webp)
![ХОК Олимпиада ашылуында Оңтүстік Кореяны Солтүстік Корея деп көрсеткені үшін кешірім сұрады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621893/image.jpg.webp)
![Ресей билігі ресейліктерді халықаралық төлқұжатсыз қалдыра ма?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621877/image.jpg.webp)
![Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди тамыз айында Украинаға барады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621878/image.jpg.webp)
![Сомнолог: Уақыт белдеуі өзгерісіне қалай жеңіл бейімделуге болады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621879/image.jpg.webp)
![Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621857/image.jpg.webp)
![Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында медальдар тізімінде көш бастады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621933/image.jpg.webp)
![WBA титулына ие Сұлтан Зәуірбек АҚШ-тағы дебют жекпе-жек күнін жариялады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621926/image.jpg.webp)
![Париж-2024: Абиба Әбужақынова жартылай финалға шыға алмады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621862/image.jpg.webp)
![Париж-2024: Абиба Әбужақынова қола жүлдеге таласады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621892/image.jpg.webp)
![«Басынан екі рет атып, денесін каналға лақтырған»: Қызылордада 31 жастағы дәрігердің мәйіті табылды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621871/image.webp.webp)
![Атырауда субұрқаққа құлаған 3 жасар бала көз жұмды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621771/image.jpeg.webp)
![Премьер-министр Бектенов заңсыз ағаш кесушілерді "мемлекеттің жауы" деп атады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621649/image.jpeg.webp)
![Абай облысы «қызыл аймақтағы» өңірлер қатарында: ЖЭО қашан жаңғыртылады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619525/image.jpeg.webp)
![Абай облысы «қызыл аймақтағы» өңірлер қатарында: ЖЭО қашан жаңғыртылады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619526/image.jpeg.webp)
![Абай облысы «қызыл аймақтағы» өңірлер қатарында: ЖЭО қашан жаңғыртылады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1619527/image.jpeg.webp)
![Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1007081/image.jpeg.webp)
![NASA ғарыштың 25 таңғажайып және өте сирек кадрларын көрсетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621635/image.png.webp)
![Желіде қызды ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео тарады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1554348/image.jpeg.webp)
![Алматы жаһандық бизнес орталыққа айналады: әлемдік көшбасшылар тарихи форумға дайындалып жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1553859/image.png.webp)
![Гүлзира Айдарбекова: Көп жұмсалған келін – әр нәрсенің қадірін біледі](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621402/image.jpg.webp)
![Нобель сыйлығының лауреаты"Берел" қорық-мұражайын жоғары бағалады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621345/image.jpg.webp)
![Нобель сыйлығының лауреаты "Берел" қорық-мұражайын жоғары бағалады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621394/image.jpg.webp)
![Жігер Ауыпбаев бейнебаян түсіріп жатқанда аспаннан «Алла» деген жазу шыққан (ВИДЕО)](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621147/image.jpg.webp)
![Атырауда субұрқаққа құлаған 3 жасар бала қайтыс болды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621860/image.webp.webp)
![Атырау облысында жарты миллион балық шабағы құтқарылды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1621535/image.webp.webp)