Астаналық тұрғынның Атыраудан сатып алған жаңа тракторы 2 аптадан бері ізім-қайым жоқ

Жолға шығып жоғалып кетті. Астаналық тұрғынның Атыраудан "бір етек" ақшаға сатып алған жаңа тракторы 2 аптадан бері ізім-қайым жоқ. Айтуынша, техниканы логистикалық компания жеткізіп беруі тиіс болған. Алайда, алданып қалған сияқты. Күнсұлу Сұлтанова ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала сала бірден жүк көлікке тиеп жіберген. Жеткізуші компанияны сайт арқылы тауыпты. Сенгені соншалық, келісімшарт та жасамапты. Қызмет үшін 210 мың теңге сұраған. Содан жолдамыз деген жүргізуші 3 күннен соң тракторды Ақтөбеге тастап кеткенін айтыпты.  Күнсұлу СҰЛТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Тех паспорттың біздің атымызда екенін, техниканы дәлелдейтін құжаттардың бәрін қолына берген болатынбыз. Сонымен ол кісі Ақтөбеден үстіне тағы жүк тиеп аламын да сосын Астанаға жеткізіп берем деген болатын. Үш күн бойы сразу Ақтөбеге түсіріп кеткенін бізге айтқан жоқ. Үш күн бойы алдап келді “алып келе жатырмын, алып келе жатырмын” деп уақыт созып келді. Ең соңында, жету керек күні болған кезде ғана айтты бізге. Алданып қалғанын білген Күнсұлу бірден полицияға арызданған. Бірақ мардымды жауап жоқ дейді. Күнсұлу СҰЛТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Астана қаласының полициясына жазған арызымызға берілген талонға ешқандай жазбаша түрде қолымызға жауап берілген жоқ. 5 маусым күні бізге телефон соғып Ақтөбе қаласынан: істің ол жақта қаралмайтынын, тұрғылықты жер бойынша Астана қаласында қаралу керек екенін айтып кері жіберіп жатқандығын айтты. Ал, астаналық полицейлер қылмысты ашу мақсатында істі Ақтөбе қаласына жолдаған. Енді жауаптылардан жауап күтіп отырмыз дейді. Темірлан ТҰРСЫНБЕК, НҰРА АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТЕРГЕУ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Арыз бізге келіп түскен жағдайда қайтадан біз келген арыздың заңдылығын тексеріп аталған іс материалдар бойынша толық шешім қабылдаймыз. ҚР 201 бабына тергеу ешқандай мағлұматтарды жария ете алмаймыз. Трактордың қазір қайда екені белгісіз. Алаяқтарға алданған Күнсұлу енді не істерін білмей дал.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мереке ме, мейрам ба: қай нұсқа дұрыс?
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Ақтауда жол ортасында билегендер жазаланды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды