Астаналықтар қақаған қыста жылусыз, сусыз қалды

Елордалық бес жүз отбасы кешеден бері сусыз, жылусыз отыр. Тұрғындардың айтуынша, кәріз жүйесі бітеліп, құбырлар жарылған. Салдарынан, жарық өшіп, халық қақаған қыста жылусыз қалды. Енді тұрғындар не істейді? Құзырлалар бұған не дейді? Тараптарды тілшіміз Сүндет Оралбеков тыңдады.Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде кәріз құбыры бітеліп, нәжіс төменгі қабатқа ағып жатыр. Құбырдан аққан қалдық судан аяқ алып жүру мүмкін емес. Қолқаны қапқан иіс туралы мүлдем айтпай-ақ қояйын. Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселенің туындағанына екі жыл болған. Төбемізден күнде су сорғалап тұрады дейді. Қанша рет құзырлыларға шағымданғанмен, нәтиже шығар емес. Айсұлу БАЙҚОНЫСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Үйімізде то суды өшіреді, то светті өшіреді. Сондықтан, қиын жағдай болып тұр. Бұл басталды, анау кәріз дейді ғой, сол жерде бізде авария болып жатыр. Жаңа үйлер қосылды, содан көтерілмей жатыр. Енді біздің подвалдың асты суға толып кетті. Ертең мынау фундаменттің барлығы шіриді. Ал Арман Еркінғалиевтің дәл осы үйдің төменгі қабатында дүкені бар. Кәріз жүйесі бұзылғалы кәсіпкердің де жұмысы тоқтап қалған. Бар жиһаз су астында қалып, әбден әбігерге түстік дейді. Арман ЕРКІНҒАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз Астана су арнасына, КСК, 109-ға хабарластық. Көлік жібереміз деп уәдесін берді. Бізде жертөле болғандықтан, судың деңгейі 120см-ге дейін көтеріліп кетті. Барлық құзырлы органдарға хабарласып, екі күн дегенде техника алдырттық. Біз екі күн бойы суды шелекпен сыртқа тасыдық. Бұл қандай азап екенін білесіздер ғой. Мәселенің мән-жайын білу үшін жауапты басқармаға хабарластық. Мәселе біздің назарымызда деді. Мамандардың айтуынша, 22-інші үйге жылу берілген. Әйгерім АҚШОЛАҚОВА, «САРЫАРҚА» АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Астана су арнасы» бригадасы құбырларында су сору және қалдықтарды негізгі коллекторға шығару үшін арнайы техника жіберді. Сондай-ақ «Астана су арнасы» қызметкерлерінің күшімен су бұру жүйелерінің ревизиясы өткізілді. Тексеру барысында Қосшығұлұлы-Қараменді би Шақауұлы көшелерінің қиылысында диаметрі 600мм кәріз құбырында проблемалар анықталды. Қазір учаскелер судан тазартылып жатыр. Сонан кейін құбырлар жөнделеді дейді жауаптылар. Ал тұрғындар мәселе тез арада шешілмесе, жоғарыға шағымданатынын айтады. С. Оралбеков

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
“Біз жайлы алыпқашпа әңгіме көп”. Қайрат пен Жұлдыз ұзақ уақыттан кейін желіге оралды
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
«Заңды өрескел бұзу»: Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға шамамен 633,4 млрд теңге төленді
Көкшетаулықтар 55 шет ел көлігін заңсыз тіркеген
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
Испанияда жүлде қоры €2,7 млрд лоторея ойнатылып жатыр