Бұл Наурыз бұрынғыдан өзгерек. Биыл Ұлыстың Ұлы күні қала мен ауыл көшелерінде де кеңінен аталып өтілуде. Нұра ауданынындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында да жылдың басты мерекесі қызу тойланды. Тұрғындар ән мен жырдан шашу шашып, ауланың көркін қыздырды. Көршілер ауызбіршілік танытып, қазан көтерді. Динара ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында Наурыз мерекесі тойлануда. Мұндағы жұрттың көңіл-күйі шат-шадыман. Ақ жаулықты аналар мен батагөй ақсақалдар бір-бірін мерекемен құттықтап, ақ тілектерін жаудыруда. Угандалық Мариям Булия бес жылдан бері Астана қаласында тұрады. Қаладағы №81 мектепте ағылшын пәнінің мұғалімі. Ол қазақ елінде жұмыс істеп жатқанына дән риза. Мариям БУЛИЯ, №81 МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ: Мен Наурыз мерекесін алғаш рет тойлап жатырмын. Кең көлемде атқарылып жатқан шараға өте ризамын. Халықтың мұнша көп жиналғаны, барлығы бір-біріне күлемдеп қарағаны, қазақтың қонақжайлылығы мені қатты қуантады. «Жағалау» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласына үш киіз үй тігіліп, іші қазақы нақышта сәнделген. Онда тұрғындарға дастархан жайылып, қонақтар дәмнен ауыз тиді. Айтмағамбет КӘКІМҰЛЫ, НҰРА АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Наурыз тойы қайырлы құтты болсын. Бұл өте жақсы кезеңде кездесті, біздің тамаша оразамызда кездесіп отыр. Оразаларыңыз қабыл болсын. Наурыз құтты болсын! Аулада үлкендер жағы әннен шашу шашты. Ерлер ұлттық спорт түрлерінен сынға түсіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал балалар алтыбақан теуіп, ауланың көркін қыздырды. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! - Қазақ елі Наурыз құтты болсын! - Дастарханың мол болсын, абыройың зор болсын! Әумин.