Астаналықтар сарбаз ботқасынан дәм татты

Астана маңындағы Үркер шағын ауданының тұрғындары әскери оркестрдің өнерін тамашалады. Сондай-ақ олар сарбаздар дайындаған ботқадан дәм татты. Жеңіс күніне орай өткен шараны Нұра ауданының әкімдігі мен Ұлттық ұлан сарбаздары бірлесе ұйымдастырды. Елорда маңындағы шағын ауданда жылдағы дәстүр бойынша Жеңіс мерекесі тойланды. Майдан даласында Отан үшін жанын пида еткен жауынгерлердің ерлігін ұрпаққа үлгі етіп, мәңгі есте сақтау мақсатында ұйымдастырылған шараға халық көп жиналды. Амангелді БАЙДҮЙСЕНОВ, ҮРКЕР ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жылда осындай мерекеге қатысып, тілегімізді білдіріп, жастарға өсиетімізді айтып. Қазақстанымыз егемендігі берік болсын. Жастарымыз аман болсын. Енді соғыс болмасын. Алла сондай соғыстан аман қылсын. Жеңістің 79-көктеміне орай өткізілген мерекелік концертте әскери оркестр мен сарбаздардың қарумен көрсеткен өнері көпшіліктің көңілінен шықты. Шара мерекенің сәнін келтіреді, дейді ұйымдастырушылар. Жарқын АЙТЖАНОВ, НҰРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ: Жеңіс күнін кең көлемде атап өту біз үшін жылдағы дәстүрге айналды. Осы шара төртінші жыл қатарынан дәл осы алаңда ұйымдастырылуда. Шараға жергілікті тұрғындар мен Ардагерлер кеңесінің мүшелері шақыртылды. Одан өзге бүгінгі буынға үлгі болатын отставкадағы әскери қызметкерлер де қонақтар тізімінде бар. Олар өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Мерекелік концерттен кейін үркерліктер шатырға қарай аяңдады. Олар сарбаз тағамынан ауыз тиді. Тимур РАХИМОВ, 5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шараға бір ротаның сарбаздары қатысуда. Біз алаңға екі шатыр тігіп қойдық. Оның бірінде соғыс кезінде жауынгерлердің тамақ қылған сарбаз ботқасы дайындалып жатыр. Осы арқылы біз сұрапыл соғыс кезінде әскерлердің асы қандай болғанын көрсететін боламыз. Сарбаздардың тағамы әскерде қолданылатын арнайы техникада дайындалды. Ботқа 130 адамға шақталған. Сондай-ақ мұнда халыққа ыстық шай мен кампот та ұсынылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасының тұсаукесері өтті
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? – Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді
«Балалардан ұят болды-ау»: Өмірқұл Айниязов қуанышты жаңалығын бөлісті
Стратегиялық серіктестік қарқынды дамуда
"Жақсы жұп болар еді". Ақбота-Нұр мен Қуандық Рахым оқырмандарын ойландырып қойды
Ақтөбе облысында 150 мыңнан балаға жазғы демалыс ұйымдастырылады
"Өзімді енді тапқандай болдым". Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке сырын ашты
Министр Мұрат Нұртілеу Иран халқына көңіл айтты
«Болашақ» бағдарламасымен Лондонда оқып келген Айгүл Иманбаеваны әуежайдан тосынсыймен күтіп алды
"Тойынғандық". Мейрамбек Беспаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын келтірді
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда
Мұрат Нұртілеу Иран Президентінің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақылды адамдар тойға бармайды: Омар Жәлелдің пайымы көпшілікті тағы шулатып жатыр
"Өзара келісім бойынша жасалған". Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам сотталды
Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасының тұсаукесері өтті
Көкшетауда бала асырап алғандар науқас қызды дәрігерге де, мектепке де апармаған
Маңғыстауда дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізу жоспарланды
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? – Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді
Ақтауда 700-ге жуық жас жауынгер ант берді
"Көйлегіңіз біртүрлі болды". Туған күнін ерекше стильде атап өткен актриса сынға қалды
Павлодар облысында ата-ана үш күн бойы балаларын сыртқа шығармай, мектепке де жібермеген
«Балалардан ұят болды-ау»: Өмірқұл Айниязов қуанышты жаңалығын бөлісті
Ахмет Байтұрсынов туралы жаңа фильм жарыққа шығады