Астаналықтар заңгерлерден тегін кеңес алды

500-ге жуық астаналық заңгерлерден тегін кеңес алды. Бұл «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акция аясында ұйымдастырылды. Тұрғындар сондай-ақ, құқықтық сауатын арттырды. Қала тұрғыны Ғалима Боранбаева «Болашақ» бағдарламасы бойынша көптен бері армандаған жоғарғы оқу орнына шақырту алған. Алайда шәкіртақысынан айырылып, қиындықтарға тап болады. «Халық заңгері» шарасына дәл осы мәселесімен келіпті. Ғалима БОРАНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Бұған дейін Жоғарғы сотқа жүгінгем. Республикалық комиссия деңгейінде мәселенің шешілмейтіні туралы айтылды. Ал мына шара жөнінде әлеуметтік желіден білдім. Мұндағы заңгер Конституциялық сотқа баруыма болады деді. Білікті мамандардың жауабына қанағаттандым. Тұрғындар мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырмай, бір мезетте білікті адвокат, нотариус, прокурор, сот орындаушылардың көмегін алды. Нотариус Арайлым Бейсенбаева кеңес беріп қана қоймай, мәселесін айтып келген тұрғынға алдағы уақытта шартты тегін істеп беруге уәде беріпті. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, НОТАРИУС:Бүгінгі халықтың жиналғанына қарағанда бұл маңызды шараның халыққа қажеттілігін көрсетеді. Екі пенсионер кісі келді. Ол кісілер өздерінің нотариус алдында қандай жеңілдіктері барын білмейді, жекеменшікті қалай заңдастыру керектігін білмейді. Сол мәселелерді түсіндіріп, жыл сайын осындай қызмет көрсетіп жүрміз. Игі іске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Әділет министрлігі атсалысты. Жігер БАЙДІЛДИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Республика бойынша 195 пунктте осындай «Халық заңгері» акциясы жүргізілуде. Халық көбінесе жер мәселесі бойынша, сонымен қатар түрлі салалар, КСК бойынша көптеген сұрақтармен келеді. «Халық заңгері» акциясы дәстүрлі түрде 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде чемпион атанды
Екі өңірде аязда жоғалып кеткен малшылар табылды
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті