ҚР Үкіметі Астананың 2035 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті. Онда елорданың әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі қадамдар белгіленген. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, - деп хабарлайды Primeminister.kz.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, әзірленген Астананың негізгі қала құрылысы құжаты қоғамда кеңінен талқылаудан өткен. Онда халық санының қарқынды өсуін ескере отырып, қаланы қарқынды дамыту шаралары қарастырылған. Бүгінде елорда тұрғындарының саны шамамен 1,2 миллион адам болады, 2035 жылға қарай аталған көрсеткіш 2,3 миллион адамға жетеді деп күтіледі. "Бас жоспарда 164 мектеп, 178 балабақша және 93 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы қарастырылған. 2029 жылға дейін 15 заманауи оқушылар сарайы салынады. Мұның барлығы жергілікті бюджет пен жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады. Елорданың тұрғын үй қорын 68,2 миллион метр квадратқа дейін, ал жол желісінің ұзындығын 1000 шақырымға 2,5 мың шақырымға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Қоғамдық көліктің баламалы түрлерін дамытып, негізгі магистральдарда, әсіресе Есіл ауданында кептелістерді жеңілдету үшін бес ірі көпір салу жоспарланған", - делінген хабарламада.